Main
News
31.01.2023 Дизайнер киізден аксессуар жасау оңай екенін дәлелдеді
2023 жылдың 30 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасының өнертану магистрі, ҚР Дизайнерлер одағының және Евразия дизайнерлер одағының мүшесі Акмарал Ермаханбетова «Евразия» телеарнасында («Қайырлы таң, Қазақстан» бағдарламасында) сәндік қолданбалы өнердің ішіндегі киіз басу технологиясы бойынша шеберлік сабағын көрсетті. Шеберлік сабақтың мақсаты - көне халық қолөнерін кеңінен насихаттау және қазақтың ұлттық өнерін дамыту.
|