Профессор Чанг Бенг Сунгтың «Азиялық және жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар» тақырыбындағы онлайн-дәрісі
2023 жылдың 2 ақпанында Тарих және құқық институты «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Eurasia Foundation (from Asia)» жобасы аясындағы кезекті сабағы өтті. Дәріс тақырыбы - «Азиялық және жаһандық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар». Дәрісті «Eurasia Foundation (from Asia)» орталық кеңсесінің профессоры Чанг Бен Сунг (Chun Byonq-Soon) оқыды. Профессор Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы ортақ «Бір белдеу - бір уақыт» бағдарламасы аясына тоқталды. Cондай-ақ, кішігірім мемлекеттердің сайлау науқанына АҚШ секілді алып державалардың араласып отыруына да назар аударудың маңызды екендігін атап өтті.
Профессор дәріс соңында қоғам мен қауым кеңістігіне баса назар аудару қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, осы іс-шараны ұйымдастырушы «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиковке алғысын білдірді.
Дәріс соңында қатысушы студенттер мен магистранттар қоғамдық мәселелерге байланысты сан алуан сұрақтарын қойып, қызығушылық танытты.