қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.02.2023

«Тарих мұғалімдерін даярлаудағы құзыреттілік тәсілі» тренингі


Абай атындағы ҚазҰПУ базасындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ жоспарына сәйкес және «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасының аясында «Тарих мұғалімдерін даярлаудағы құзыреттілік тәсілі» тренингі өтті. Аталмыш тренингті Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді (педагогтарды) даярлау (тарих) бағытындағы жоба командасы және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ұйымдастырды. Іс-шараға республикамыздың 20-ға жуық жоғары білім беретін оқу орындарының педагог-тарихшылары, орта мектеп директорлары мен мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар оффлайн және онлайн форматта қатысты.


Тренингті академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Джарасова ашып, бұл шараның маңызы мен мақсатына тоқталды. Білім беру сапасын арттыру жауапты міндетіне тиімді және жемісті жұмыс істеу арқылы қол жететінін атап көрсетті. Сонымен қатар, тренинг жұмысына Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев және Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдилдина қатысып, өз пікірлерін білдірді.


Тренинг барысында Гүлбану Ізбасарова, Шолпан Нұрман, Күләш Жүгенбаева, Әлия Өскембаева, Ерланбек Жалмағамбетов дәріскер-тренерлер ретінде «Білім құндылықтары. Жалпы және негізгі құзыреттіліктер. Құзіреттілікке бағытталған «Тарих» білім беру бағдарламасы», «Қазіргі мектеп қандай мұғалімге мұқтаж?», «Студентке бағытталған оқыту тәсілінің дизайны», «Оқыту мен оқудың әдістері. Бағалау жүйесі», «Тарих біліміндегі цифрлық технологиялар» тақырыптарында баяндама жасап, коучинг-технология, интерактивті оқыту технологиясы мен кейс-талдау әдістері арқылы жұмыс жүргізді.

 

Шараға қатысушылар тренинг мәселелерін талқылауда белсенділік танытып, жоғары оқу орнының педагогикалық қызметін жетілдіру бойынша құнды ұсыныстарын ортаға салды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=