қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.02.2023

Абай университеті ресми түрде TURKUNIB құрамына қосылды


Абай атындағы ҚазҰПУ ресми түрде Түркі кеңесі Түркі университеттері одағына (TURKUNIB) қосылды. Одаққа мүше бола отырып, Абай университеті серіктес университеттер арасында білім алушылармен алмасуды қарастыратын «Orkhun» академиялық алмасу бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы шешім Түркістанда өткен Түркі кеңесі Түркі университеттері одағының VI Бас ассамблеясында қабылданды.


Естеріңізге сала кетейік, Түркі университеттерінің одағы 2013 жылы Түркі кеңесінің қызметі аясында Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастық мақсатында құрылған.

 

  alt=