қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
14.02.2023

«Social Media Skills» интенсиві қортындыланды


2023 жылдың 13 ақпаны күні «Abaі Student Center» орталығында әлеуметтік желіге сапалы контент жасауды жастар арасында кеңінен насихаттау, заманауи технологияларды толық меңгеруге мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «SOCIAL MEDIA SKILLS» интенсив қатысушыларына дағдыларды үйренгенін растайтын арнайы сертефикаттар табыстау және топтық жұмыстар бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.


Интенсивтің ережесі бойынша қатысушы студенттер жеребе тастау арқылы командаға бөлініп, топтық жұмысқа тапсырма алды. Берілген тақырыптар аясында 1,5-2 минуттық видеоролик түріндегі жобалық жұмыстарын ұсынды. Интенсив спикерлерінен құралған комиссия топтық жұмыстардың ішінен ереже талаптарына сай болған үздіктерді анықтады.


Арнайы коммисия шешімімен жүлделі I орынды «Айфон» тобы, II орынды «Инфинити» тобы және III орынды «Эверест» тобы иеленді.


Жеңімпаз топтарға универитет ректорының арнайы дипломы мен қаржылай сияқы табысталды.


Замануи технологияларды меңгеруге арналған интенсив білім алушылар тарапынан асқан қызығушылықпен қабылданып, алдағы уақыттар жалғасын табу туралы ұсыныстармен тарасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=

 

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі