Main
News
17.02.2023 Шағын комплектілі мектептермен байланыс
Филология институтының шетел тілдері кафедрасы Қызылорда облысы Арал ауданы А.Мұстафаев атындағы №227 Көктем және №77 Құланды елді-мекендеріндегі шағын комплектілі орта мектептермен әріптестік, тәжірибелік байланыс орнату, кәсіби және мәдени іс-әрекеттерді қолдау арқылы өзара түсіністік пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында байланыс орнатып, екі жақты меморандумға қол қойылған болатын.
Осы мақсаттарды негізге ала отырып, шетел тілдері кафедрасы атынан ф.ғ.к. Г.Р. Нурекешованың ұйымдастыруымен былтырғы оқу жылынан бастап Қызылорда облысы Арал ауданының 2 шағын комплектілі орта мектептерімен бірлескен форматта мектеп оқушыларына пилоттық жоба енгізілген болатын. Осы жоба аясында еріктілер сапындағы «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы магистранттары тәжірибе жинақтау және жаңашыл іс-әрекеттермен бөлісу үшін Ағылшын тілі пәнінен аптасына төрт мәрте оқушыларға «Lifelong learning strategies for language teaching» қосымша сабақтар беруді бастады.
Сабақ өткізіп жатқан магистранттар: Оспаналиева Сымбат, Сүлейманқұлова Арайлым, Иманберді Ботакоз, Ибрагимова Сауле, Сәулебек Арай, Зәкір Қызғалдақ, Құрманғазиева Аққу, Калмуратова Айтолкын, Камалбекова Меруерт, Нұрғали Адиса.
Бұл игі бастаманы мектеп басшылығы ғана емес, сонымен бірге оқушылардың ата-аналары да аса қызығушылықпен қарсы алды. Мектеп үшін бұл үлкен көмек және жаңалық болып отыр. Мектеп басшылығы оқушыларға қосымша сабақтардың өз дәрежесінде өткізілу барысына барынша ықпал жасап жатыр.
Қосымша сабақтарға №77 Құланды мектебінен 5-9 сыныптардың 26 оқушысы қатысса, ал №227 Көктем мектебінен 2-9 сыныптар аралығынан жасақталған 60 оқушы қатысып жатыр.
Мектеп басшылығы мен оқушылар сұранысына ие болған бұл жоба өз жұмысын алдағы уақыттарда жалғастырмақ.
|