қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.02.2023

Медициналық колледж студенттері арасында кәсіптік бағдарлау жұмысы


Медициналық колледж - бұл жедел жәрдемде, стационарларда, ауруханаларда, емханаларда және медициналық орталықтарда жұмыс істеу үшін бірнеше бейінді мамандарды дайындайтын орта арнаулы оқу орны. Негізінде, студенттерді оқыту тәжірибеге және болашақта жұмыс істеуге бағытталған. Медицинаны дамытудың негізгі қажеттіліктерінің бірі - емдеу процесін психологиялық тұрғыда қамтамасыз етуді және қолдауды ендіру қажеттілігі, бұл процесте психолог маңызды рөл атқарады. Оның жұмысы психикалық және соматикалық денсаулықты сақтау және қалпына келтіру болып табылады, ол пациенттің жеке басының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оны қиындататын жағдайларды диагностикалау бойынша жұмыс жүргізеді.


Осы мақсатта 2023 жылдың 20 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының оқытушысы Тусубекова Кунслу Қадырқұлқызы және «7М03105 - Психология» мамандығының магистранттары Алтынай Байбалаева, Аяжан Күлшарипова, Вячеслав Шпадырев «Аяжан» медициналық колледжінің психологы Үмбеталиева Әйгерім Болатқызының жетекшілігімен «Психолог» мамандығын таныстыру мақсатында аталған оқу орнының студенттерімен кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Күнсұлу Түсубекова «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының магистранттарымен бірлесе отырып, колледж студенттерінің «Психология» мамандығына қызығушылығын арттыру және оларды мамандыққа тарту мақсатында психологиялық әдістемелер, тренингтер өткізіп, студенттер арасында да жеке жұмыстар, сонымен қатар психологиялық кеңес беру бойынша жұмыс жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=