қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.02.2023

Kazakhstan Fashion Week негізін қалаушы және арт-директоры Алексей Чженмен кездесу

 

2023 жылғы 20 ақпанда «Жасампаз» галереясында Өнер, мәдениет және спорт институтының қызметкерлері Kazakhstan Fashion Week негізін қалаушы және арт-директоры Алексей Чженмен «Kazakhstan Open Way конкурсының талаптары және Fashion Design мамандығының ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өткізді. Аталмыш іс-шара сән дизайны мамандығының студенттеріне болашақта кәсіби маман болып, жастардың жоғары сән индустриясына тартуды көздейді.


Сонымен қатар, шара қонағы ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Сән дизайны» мамандығының түлегі, Fashion Coworking Space BACKSTAGE жетекші сәнгері Айыпқанова Назым шақырылды, конструктивті шешімдер, мамандық бойынша жұмыс жасау жайында сөз қозғалды.

 

Шараны Дизайн кафедрасының оқытушылары К.М.Бекболатова, Г.Б.Арыстанова, А.М.Ермаханбетова ұйымдастырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=