қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.02.2023

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймағындағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктері» семинары


2023 жылдың 17 ақпанында Абай атындағы ҚАЗҰПУ-дың Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Шахарман Гүлжиһан Пішенбайқызымен Л. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті. Іс шарада негізгі баяндаманы Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының профессоры, жобаның бас ғылыми қызметкері Сабитов Жақсылық «Тәуелсіздік жылдарындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат», «Ассамблея жастарының» РҚБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Сатылғанова Асем ««Ассамблея Жастары» РҚБ бөлімдерінің қызметі», ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары Одағының төрағасы, Қайрыев Рустам Абдусаламович ««Ассамблея жастары» РҚБ маңызы мен рөлі» атты баяндамаларын жасады.

 

Іс-шараға сонымен қатар Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласындағы өкілдігінің төрағасы Омар Мухаммедсаруар, қалалық Достық үйінен, этномәдени бірлестіктерден, Абай атындағы ҚАЗҰПУ ПОҚ, доктаранттар, магистранттар және студенттер қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=