қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.02.2023

«Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs» семинары

 

2023 жылдың 23-24 ақпанында Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Сәтбаев Университетінде «Internationalization of Higher Education Institutions: International Visibility of HEIs» семинары өтті.

 

Семинарға білім беруді интернационалдандыру жолындағы кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылау және осы мәселелерді шешу жолдарын бірге қарастыру үшін халықаралық деңгейде жұмыс істейтін еліміздің түкпір-түкпірінен келген университет өкілдері жиналды.

 

Іс-шара барысында өңірлік жоғары оқу орындарының басшылары шетелде университеттер филиалдарын ашу және стратегиялық әріптестік орнату тәжірибесімен бөлісіп, туындайтын қиындықтарға төтеп берудің әдіс-тәсілдерін баяндады.

 

Спикерлер АҚШ елшілігі, Британдық кеңес, Эразмус+ Ұлттық кеңсесі және көші-қон сұрақтарына жауап беретін тұлғалардан құралып, білім саласында ұсынылатын түрлі халықаралық гранттар мен бағдарламалар легі ұсынылды. Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационализация бойынша проректоры Ақтолқын Құлсариева университеттің бірлескен және қос дипломды бағдарламарды тиімді жүзеге асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.


Екі күнге созылған семинар сәтті және жемісті өтті, өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу бойынша ұсыныстар берілді.

 

  alt=