қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.03.2023

Педагогика және психология институтында білім беруде цифрлық ресурстарды қолдануға арналған вебинар өтті

 

Профессор Абсатова М. профессорлық оқытушылар құрамы үшін «Педагогтың кәсіби іс -әрекетіндегі цифрлық ресурстар» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарда педагогтың кәсіби іс әрекетінде түрлі цифрлық ресурстарды қолдану сұрақтары, соның ішінде бақылау бағалаушылықта, нақты ресурстарды үлгісі, олардың мүмкіндіктері және жоғары оқу орнында сабақтарда пайдалану ерекшеліктері қарастырылды.

 

Вебинарға қатысушылар келесідей цифрлық құралдарды меңгеруге тырысты, атап айтсақ: jamboard, Padlet, Google.Forms, learningapps, miro, оnline test Pad, coreapp және басқалары. Кездесу барысында оқытушылар Зумның сессиялық залдары арқылы топтарға бөлініп, jamboard виртуалды тақтасында жұмыс жасап, Google.Forms негізінде сауалнама құрастырды.

 

Вебинар соңында қатысушылар пікір алмасып, осындай тәжірибеге бағытталған вебинарлардың жалғасы болуына тілек білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=