қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.03.2023

Абай университетінде «Шың» студенттік театры ашылды

 

Абай университетінің 95 жылдығына орай, Өнер, мәдениет және спорт институтында «Шың» студенттік театрының салтанатты ашылуы өткізілді.

 

Театрдың ашылу рәсімінде актриса, продюсер, режиссер, Дарын мемлекеттік сыйлығының және «Тарлан» тәуелсіз платина сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Назгүл Қарабалинамен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректоры Клара Исакова салтанатты түрде лентасын қиып, құттықтау сөздерін айтты. Театрдың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл студенттік театрда өскелең жас ұрпақтың қазіргі қоғамға деген көзқарастарын бейнелейтін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=