қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.03.2023

«100 Жаңа оқулық» жобасы аясындағы тәрбиелік іс-шара

 

2023 жылғы 13 наурызда Абай университеті Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының жылдық жоспарына сәйкес «6В03111-Практикалық психологтарды даярлау» мамандығының 3-курс, 2-топтың эдвайзері Лимашева Ләззат кафедраның 1-курс және 3-курс студенттерінің қатысуымен тәрбиелік және ағарту іс-шарасын өткізді. Аталған тәрбиелік іс-шараның мақсаты ретінде «Психология» мамандығының студенттерін «Психология» бағыты бойынша жаңа оқулықтармен таныстыру болды. Іс-шара барысында «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының еңбектері таныстырылды.

 

Университеттің Ғылыми кітапханасы «Психология» бағыты бойынша жаңа басылымдағы оқулықтар ұсынылған көрме ұйымдастырды. «Рухани жаңғыру» аясында шет тілдерінен қазақ тіліне аударылған оқулықтардың тұсаукесері өтті. Аталған іс-шара барысында кафедраның 1-курс студенттері университеттің электрондық кітапханасы сайтының жұмысымен таныстырылды. Студенттер жаңа оқулықтар және электронды кітапхана сайтында қажетті кітаптарға тапсырыс беру процесі туралы өз әсерлерімен бөлісті. Авторлары Ж. Түркпенұлы және А. Акажанова болып саналатын «Психология тарихы» оқулығын талдағаннан кейін, іс-шараға қатысушы студенттер Қазақстанның психология ғылымының терең тарихына еніп, сондай-ақ олардың өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы артты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=