қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.03.2023

«Арма, әз наурыз» танымдық-тәрбиелік байқауы

 

2023 жылдың 14 наурызында Педагогика және психология институтында «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысумен «Арма, әз наурыз» танымдық-тәрбиелік байқауы өтті. Байқауды оқытушы Разия Каримова және эдвайзерлер Алмагул Айтпаева, Асем Булшекбаевалар ұйымдастырды. Байқауда профессор-оқытушы құрамы Мұхаммедрахым Кұрсабаев, Анар Алимбекова, Ұлмекен Төлешова, Аққалам Жекеева, Меруерт Шауеновалар қазылар құрамында отырып, студенттерге оң бағаларын берді.

 

Байқаудың мақсаты - қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қоршаған ортаға құрметпен қарауды қалыптастыру. Білім алушылардың бойында ұлттық сананы дамыту.

 

Байқаудың міндеттері - білім алушылардың ұлттық-рухани бағдарын дамыту, қазақ халқының салт-дәстүрін жастар арасында дәріптеу; білім алушылардың креативтілігін, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, педагогикалық артистизимді дамыту.


Байқау талаптары бойынша білім алушылар 5 кезең бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Олар:

1.Топты таныстыру (қорғау);

2.Салт-дәстүр сөйлесін (қысқа көрініс);

3.Сұрақ жауап;

4. Жоба қорғау;

5.Музыкалық шашу (топпен бірге).

 

Байқау қорытындысы бойынша 1-дәрежелі дипломдармен «Наурыз көк», 2-дәрежелі дипломдармен «Шекелік», 3-дәрежелі дипломдармен «Шамшырақ», «Ұлыс» топтары, «Білгір студент» номинациясымен Хан Диана, «Креативті студент» Ермағамбетова Нұрайым, «Наурыз аруы» - Мүбаракова Ақниет, «Наурыз сұлтандар» - Ибадуллаев Бақдаулет пен Сайнов Алмат марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=