қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
28.03.2023

3 курс студенттерінің педагогикалық тәжірбесі аяқталды

 

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция өтті.

 

Студенттер практиканы қорытындылай келе, жинақтаған жаңа тәжірибелері, мұғалім жұмысының жетістіктері мен қиындықтары туралы ынта-жігермен айтып берді. Болашақ педагогтар университет аудиторияларында алған барлық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдана алғандарын атап өтті.

 

П.ғ.д., профессор К. К. Жанпейісова өткізілген сабақтардың мықты және әлсіз жақтарын атап, көрсетіп, болашақта жұмыс жасалуы керектігіне тоқталды.

 

Кафедра әдіскері ф.ғ.д Г.А.Қажығалиева практиканттардың ашық сабақтарына толық талдау жасады. Әдіскер ф.ғ.к. М.М.Хавайдарова кафедрада педагогикалық практиканы ұйымдастырудың толық бейнесіне сандар және тұлғалар тұрғысынан сипаттама берді.

 

Конференция қорытындысында Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі С.Д.Әбішева студенттерге болашақ мамандықты игеруде табыс тілеп, жастарды Қазақстан мұғалімі атағына сай болуға шақырды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=