қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.03.2023

Foundation (from Asia) жобасының кезекті тақырыбы: «Қазіргі таңда жаңа Азиялық қауымдастық не үшін қажет?»


2023 жылғы 30 наурызда Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Why a New Asian Community now?» тақырыбында Еуразиялық қорының ғылыми-педагогикалық жобасы негізінде ауқымды іс-шара жүргізілді. Дәрісті профессор Chunq Joon Kon оқыды.


Іс-шара бастамасын саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков алғы сөзімен ашты. Тарих және құқық институтының директоры Ғабит Кенжебаев атаулы шараға қатысушыларды құттықтап, білімді тереңдетудің қазіргі таңдағы маңыздылығын атап көрсетті. Жапондық профессор, саяси ғылымдарының докторы Чан Бен Соктың жетекшілігімен бірнеше шетелдік ғалымдармен кездесу дәрісі ұйымдастырылды.


Еуразиялық фонды Азиялық бөлімшесінің профессоры Джон Кон Че өз дәрісінде қоғамның қазіргі жағдайы, болашағы мен өткені қандай еді деген сұрақтар өз дәрісінің өзегі болып табылатындығын атап өтті. Болашақ қоғам жайында біз екі маңызды нәрсені білуіміз қажет. Олар: адамдардың бір-бірімен қатынасы мен мұқтаждығы мәселелері. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адам алдына мақсаттар қойып, сол мақсатқа жету жолында әрекет ету маңыздылығы жөнінде көптеген мысалдар келтіріп өтті. Дәрістің мақсаты - адамдардың бір-біріне деген қажеттілігі мәселесі.


Дәріске студенттер мен магистранттар, докторанттар және кафедра профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дәріс соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=