Main
News
31.03.2023 «Мақала - зерттеушілік қабілетті дамытудың айқын жолы» семинар-тренингі
2023 жылғы 29 наурызда Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандығының 2 курс магистранттары «Мақала-зерттеу дағдыларын дамытудың айқын тәсілі» тақырыбында онлайн тренинг-семинар ұйымдастырды. Магистранттар студенттерді мақалалар түрлерімен, ғылыми мақаланың құрылымымен, сонымен қатар, ғылыми басылымдар, журналдар, т.б. әдебиеттерді талдау, таңдауда ұсынатын мәліметтер базасымен таныстырды. Тренинг-семинарда Scopus, Web of Science сияқты ең ірі дерекқорларды пайдалану жолдарын қарастырды.
Тренинг-семинарға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Тренинг-семинар соңында қатысушылар спикерлерден өз сұрақтарына жауап алып, өз әсерлерімен бөлісті.
|