Main
News
04.04.2023 Байқау сарапшысы - 2023
2023 жылғы 31 наурызда Алматы қаласындағы №19 мектеп базасында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтің көзқарасы» V қалалық педагогикалық оқулар байқауы өтті. Бұл байқауда сарапшы және «Музыка» бағыты бойынша қазылар алқасының төрағасы ретінде музыкалық білім және хореография кафедрасының профессор м.а. Лаура Какимова болды. Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын, авторлық әзірлемелерін ұсынып, қазылар алқасының көңілінен шығып, заманауи оқу үдерісіне шығармашылық көзқарастарымен бөлісті.
Мектеп пен ЖОО арасындағы тығыз ынтымақтастық педагогикалық тәжірибе мен тәлімгерлік берудегі ежелден келе жатқан дәстүрге айналды және уақыт көрсеткендей, бұл жеке және кәсіби саладағы нәтижелерге тікелей әсер етеді.
|