Main
News
06.04.2023 «Жас ғалымдар» клубының кезекті отырысы
Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Бас спикер, Педагогика және психология институты директорының ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары М.Абсатова зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру бағытында қажетті ақпаратты жинау және талдау, ең оңтайлы әдістерді таңдау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін ұсыну, осы білім мен дағдыларды белгілі бір салада қолдану жайлы мазмұнды ақпарат берді.
Іс-шара қатысушылардың кері байланысымен аяқталды, кең пікір алмасу болды.
|