қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.04.2023

Абай университеті ректорының семинары

 

2023 жылғы 5 сәуірде Ғылым онкүндігі-2023 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләловтың «Оқу мен ғылыми зерттеулер жүргізудің пайдалы және тегін құралдары» семинары өтті. Семинарға Абай университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар мен жас зерттеушілер қатысты.

 

Семинар барысында Дархан Біләлов жоғары оқу орындарының барлық салаларында цифрлық құралдарды пайдаланудың, сандық және сапалық деректермен жұмыс істеудің маңыздылығын атап, цифрлық білім беру кеңістігін ұйымдастырудың заманауи технологияларына талдау жасады.


Семинар бірнеше бағытты, соның ішінде Google forms, Excel Data Analysis Toolpak, PSPP бағдарламалары арқылы сандық мәліметтермен, Google Docs, QDA Miner Lite қосымшалары арқылы мәтіндік транскрипция деректерімен жұмыс істеуді қамтыды.


Дархан Біләлов атап өткендей, цифрландыру - бұл бүгінгі күннің талабы, ал цифрлық білім беру кеңістігінің инфрақұрылымын дамыту педагогтардан нарықта бар цифрлық білім беру платформаларына талдау жүргізу дағдыларын талап ететіні сөзсіз. Деректерді цифрлық платформалар арқылы талдай білу, педагогикалық қызметте сапалық және сандық көрсеткіштерге зерттеу жүргізу де өте маңызды саналады.

 

Семинар өте мазмұнды өтті, университет басшысы мен шараға қатысушылар көтерілген тақырып төңірегінде пікір алмасып, ғылыми зерттеулерді зерделеу және оларды жүргізу жаңа құралдарының, әсіресе тегін құралдардың оқу орындары мен жалпы білім саласының дамуында, сондай-ақ студенттердің білім алуында үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=