Main
News
06.04.2023 Ғылым онкүндігі-2023: «Қызықты физикалық эксперимент» байқауы
2023 жылғы 5 сәуірде Абай университетінің 95 жылдығына арналған Ғылым онкүндігінің іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес Математика, физика және информатика институты физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» пәні бойынша «6В05302-Физика» мамандығының 2-ші курс студенттері арасында «Қызықты физикалық эксперимент» байқауы өткізілді. Пән оқытушысы - ф.-м.ғ.к. Рыстыгулова В.Б.
Іс-шара мақсаты - студенттерге белгілі бір бағытта және физика саласында кәсіби дамуына көмектесу, сондай-ақ студенттердің танымын кеңейтумен қатар болашақ физикті дұрыс тәрбиелеуге бағыт-бағдар беру.
Командалар әртүрлі тапсырмалар бойынша жарысты: сәлемдесу, фотоколлаж, викториналық сұрақтар (wordwall.net программасында), физикалық эксперментті түсіндіру (phet.colorado.edu сайтында), қызықты физикалық эксперименттер жүргізу (студенттер түрлі қызықты эксперименттер жасады).
5 команда қатысты, олардың әрқайсысы викторина сұрақтарына дұрыс жауап беруге және физикалық экспериментті екі түрлі форматта түсіндіруге тырысты: біріншісі виртуалды компьютерлік зертханалық жұмыс, ал екіншісінде студенттер экспериментке арналған құралдар мен керек - жарақтарды әкеліп, әрқайсысының физикалық мағынасын ашып көрсетті. Сайыс қызықты да тартысты өтті, қазылар алқасы сұрақтар қойып, студенттер жауап берді. Бұл болашақта олардың физикаға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Әділ-қазылар алқасы - институт директорының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нурмухаммедова Жанара, профессорлар Бисембаев Куатбай, Казакбаева Данагуль, аға оқытушылар Тезекеев Серик, Ақжолова Әлия, Камзабекова Шолпан, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Шойынбаева Гульнара болды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Физик қыздар» командасы; ІІ орынды «Профессор және оның гномиктері» мен «Атом» командалары; ІІІ орынды «Ньютон шәкірттері» мен «Дисперсия» командалары иеленді. Іс-шараны ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтап, оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.
|