қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2023

«Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту ерекшеліктері» ғылыми семинары

 

2023 жылғы 6 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының ұйымдастыруымен «Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарды Филология институты директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары А.Ә. Найманбаев кіріс сөзбен ашып, кафедраның кезекті іс-шарасына сәттілік тіледі.

 

Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Жадыра Абдрахимова аталған тақырып бойынша баяндама жасады.

 

Семинарға шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Спикердің баяндамасына студенттер қызуғышылық танытып, соңында қызу пікір алмасу болды. Семинарды шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева қорытындылап, өзекті тақырып бойынша өте мазмұнды және қызықты баяндама жасағаны үшін Ж.Ж.Абдрахимоваға университет ректоры атынан Алғыс хат пен сыйлық табыстады.

 

  alt=  

 

  alt=