Main
News
10.04.2023 Жаңа қазақстан: оқу-ағарту саласындағы өзекті мəселелер
2023 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында Минстрлер үйінің мәжіліс залында «Жаңа Қазақстан: оқу-ағарту саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында республикалық конференция өтті. Ұйымдастырушы - «BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Конференция жұмысына Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы, магистр Руслан Сейтқазиев қатысып, баяндама жасады. Сонымен қатар, конференцияға 4 курс «Тарих-география» мамандығығының студенттері Тәлей Мұсахмет, Елнұр Құрманәлі, Тендик Джалгасбаев, Ләззат Несіпбай қатысты. Конференция жұмысында ғылыми жоба және эссе жазу бойынша олимпиадаға қатысқан студенттер үздік деп танылып, арнайы диплом және төсбелгімен марапатталды. Конференция жұмысы Президент кітапханасы мен Ұлттық музейде жалғасын тапты.
|