Main /
Mass media about us
10.04.2023 Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері
Аталмыш жиын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» ғылыми жобасын жүзеге асыру және өлкетанулық ұйымдардың жұмысын насихаттау және ғалымдардың тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Шараға кіріспе сөзбен Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Тарих және құқық институты директоры Ғабит Кенжебаев қатысып, конференция модераторы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, университет профессоры Болат Жұмағұлов болды.
Конференция барысында Түркия, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары және еліміздің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп мұғалімдері, студент жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.
10.04.2023 ж. Ақпарат көзі: dalanews.kz
|