қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.04.2023

Бірінші курс студенттері арасындағы жалпыуниверситеттік виртуалды викторина

 

2023 жылғы 6 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым декадасы аясында 1 курс студенттері арасында «Өз елім менің - өзегім менің» 3-ші жалпыуниверситеттік виртуалды викторина өтті. Виртуалды викторинаны Педагогика және психология институты педагогика кафедрасы Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты мәселелері департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Жалпыуниверситеттік викторинаның салтанатты бөлімінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің директоры Д.Ж. Ділдәбек, педагогика кафедрасының меңгерушісі Ш.Ж. Колумбаева, зерттеуші-профессор А.Е.Бериханова, доцент Ж.М.Акпарова, аға оқытушы Ф.Б. Асилбаева, доцент Ж.К.Ибраимова, магистр А.Е. Жекеева сөз сөйледі.

 

Викторинаға қатысушылардың барлығы Қазақстанның тарихы мен географиясы, салт-дәстүрлері мен мәдени дәстүрлері, ұлттық ойындары, танымал тұлғалардың өмірі мен қызметі, Тәуелсіз Қазақстанның тарихына қатысты сұрақтарға қуана жауап берді.

 

Викторина «Quizizz» платформасында өтті, бұл ойыншылардың жеңісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті.

 

Виртуалды викторинаның жеңімпаздары: 1 орын - Серікұлы Ерасыл, Жаратылыстану және география институты; 2 орын - Есенбек Айдана, Математика, физика және информатика институты; 3 орын - Исаева Асылзат, Филология институты.

 

Викторина жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен және дипломдармен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=