қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.04.2023

«Абай Арланымен студенттік көктем» апталығының ашылуы

 

2023 жылғы 10 сәуірде Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Абай Арланымен студенттік көктем» апталығы бастау алды. Апталықтың алғашқы шымылдығын ашқан «Жайдарман» ойындары жоғарғы деңгейде өтті. Байқауда Абай университетінің 8 командасы «Сәлемдесу» кезеңі бойынша бақ сынасты. Іс-шара барысында «Үздік ойыншы» және үздік командалар анықталды.

 

Сайыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды Математика, физика және информатика институтының «50/50» командасы; 2-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының «Созақбай» командасы; 3-ші орынды Жаратылыстану және география институтының «Респект» командасы иеленді.

 

«Үздік қыз ойыншы» номинациясымен Филология институтының «Күлмесең қой» командасының ойыншысы Гүлфариза Жұбатханқызы және «Үздік ұл ойыншы» номинациясымен Өнер, мәдениет және спорт институтының «Созақбай» командасының ойыншысы Иманғали Ырымжан марапатталды. «Ең үздік әзіл» номинациясы бойынша Математика, физика және информатика институтының «50/50» командасы жеңімпаз атанды.

 

Орын алған барша командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы бастамаларыңызға тек сәттілік!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Жастар ісі жөніндегі басқарма