Main
News
12.04.2023 Абай университетінің проректоры Г. Жарасованың семинарлары
2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым қызметкерлері күні университетіміздің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова университетте оқу процесін ғылыми басқару мәселелері бойынша үш семинар өткізді: «Ішкі сапаны қамтамасыз ету стандарттары: контингент, білім беру бағдарламасы, бағалау жүйесі» және «ЖОО академиялық қызметін алқалы басқару». Гүлжан Жарасова тыңдаушылардың назарын жоғары білім саласындағы бақылау субъектісіне қойылатын міндетті талаптар тізіліміне аударып, жоғары оқу орнының тәуекел дәрежесін бағалау, тәуекелдерді бағалау критерийлері, білім беру бағдарламаларының тиімділігі туралы айтты.
Семинарға қатысушылар проректордың баяндамалары өте қызықты, мазмұнды өткенін, көптеген пайдалы практикалық ақпарат ұсынылғанын атап өтті.
|