Main /
Mass media about us
23.04.2023 Тіл ғылымын зерттеу орталығына Кәрімбек Құрманәлиев жетекшілік етеді
Аталған конференцияға ҚР ҰҒА-ның көрнекті ғалымдары мен университеттің профессор-оқытушылары қатысты.
Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан Абай универсиетінің Басқарма Төрағасы-ректоры, философия докторы Дархан Біләлов Орталықтың ашылу өзектілігіне тоқталып, оның басты мақсаты - алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарындағы оннан астам Диссертациялық кеңестердің тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіруші ретінде - ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, тіл ғылымы бойынша орындалатын докторлық диссертациялық жұмыстардың өзекті мәселелерге арналуын және тақырыптардың қайталанбауын қадағалауды үйлестіретін консультативтік-кеңесші рөлін атқаратын айтты.
Конференцияда сөз алған ғалымдар мен қонақтар орталық жұмысына сәттілік тілеп, игі бастама туған тіліміздің шынайы жанашыры бола алатын жас ғалымдар легін көптеп даярлап, қанатын қатайтатындығына сенімді екендерін тілге тиек етті.
23.04.2023 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|