қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.04.2023

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ажинияз атындағы мемлекеттік педагогикалық институты арасындағы халықаралық байланыс жалғасуда

 

2023 жылғы 18-22 сәуір аралығында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті Ғалия Таубаева Ажинияз атындағы Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының (Узбекстан) ұйымдастыруымен «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі аралықтан оқытудың интеграциясы» ІІІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысып, онда «Болашақ мектепке дейінгі ұйымдарға сапалы маман дайындауда тренингтің маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен және бітіруші білім алушылармен кездесіп, кездесу барысында екі елдің мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталып, қызу талқылау болды.

 

Іс-сапар барысында Ғалия Таубаева түлектерді мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім бағдарламасына оқуға тарту бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=