қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.04.2023

«KazDual Observatory» дуальды білім беру обсерваториясының таныстырылымы өтті

 

2023 жылдың 25 сәуірінде KazDual обсерваториясының жұмысының таныстырылымы өтті. KazDual обсерваториясы Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Қазақстанда дуальдық жүйені енгізу - KazDual» жобасын жүзеге асыру аясында Абай университетінің базасында құрылды.

 

Абай университетінің ректоры Дархан Біләлов жобаға қатысушыларды құттықтап, студенттердің кәсіби даярлық сапасының еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкестігі мәселелері бүгінгі таңда өзекті болып отырғанын атап өтті. Болашақ жас ұрпақтың кәсіби даярлығының сапасы тәжірибе арқылы тексеріледі және көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, жастарда жұмыс беруші талап ететін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілік әрқашан жеткілікті бола бермейді. Оларды оқу орындарында, компанияларда үнемі қайта даярлау және жаңа еңбек жағдайларына бейімдеу қажет, бұл жұмыс берушілерден қосымша уақыт пен ресурстарды талап етеді. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі дуальды оқытуды кеңінен енгізу болып табылады.


Іс-шара барысында KAZDUAL «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» құрылымдық жобасының тұсаукесерін жобаның үйлестірушісі, постдокторант Баян Сапарғалиева жасады. Академиялық үлгерім департаментінің директоры Раушан Бекмұратова «АКТ көмегімен бастауыш білім беру» пилоттық дуальды бағдарламасының өндірістік оқыту барысы туралы айтты. Бұл білім беру бағдарламасын Абай университетінің Педагогика және психология институты мен университет серіктесі - «NGS New Generation School» ЖШС жүзеге асырады. Обсерваторияның STEM жабдығын дуальді бағдарлама студенттері мен доцент Әсел Ақпаева таныстырды.

 

Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева бұл жоба жалпы Қазақстанның жоғары және кәсіптік білім беру жүйесіне өңірлік және республикалық деңгейде әсер ету үшін жасалғанын атап өтті. Дуальды оқыту идеялары белгілі бір қызмет саласында қажетті білім мен дағдыларды игеру және практикалық базамен байланысты нығайту мақсатында білім алушылардың теориялық және практикалық дайындықтарын біріктірумен тығыз байланысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=