қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.05.2023

4-курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы

 

2023 жылдың 3 мамырында Жаратылыстану және география институтының 6В01513-«Биология», 6В01514-«Биология» мамандықтарының 4 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.

 

Конференцияға іс-тәжірибе жетекшілері, 4 курс студенттері қатысты. Студенттер Алматы қаласы мектептерінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Теориялық білімдерін жүзеге асыруға бағытталған тәжірибеде студенттер мұғалім ретінде сабақ беріп, сынып жетекшілік қызмет атқарды. Педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясында студенттер өз мектептерде атқарылған барлық жұмыстарды көрнекі түрде көрсетіп, есептерін берді.

 

Педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісі Гүлжанат Қамиева студенттердің оқуларына сәттілік тіледі және пәнді оқытуда, оқу-тәрбие жұмыстарын орындауда жоғары деңгей көрсеткен студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=