қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.05.2023

«Химия әлемі» І студенттік конференция

 

2023 жылдың 4-6 мамырында университеттің 95 жылдығына орай Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының оқытушысы Асем Узакованың «Оқушылардың ғылыми іс-әрекетін ұйымдастыру» пәні бойынша «Sparkle science of chemistry» студенттік ғылыми-зерттеу ұйымының «Химия әлемі» тақырыбында І студенттік конференциясы өткізілді.

 

«6В01510-Химия» және «6В01512-Химия-биология» мамандықтарының 2 курс студенттері өздері таңдаған тақырыптарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытынды сабақтарын конференция форматында жоба түрінде қорғады.

 

100 ғылыми-зерттеу жұмыстарының ішінен 35 жоба барлық талаптарға сай болды. 1 орын иегерлері «Ағылшын тілін үйренудегі speaking, listening қабілеттерін дамыту» жобасымен Жиенбаева Гүлнұр және «Табиғи қосылыстардан иіссу дайындау» жобасымен Қанапия Зарина 10.000 теңге сыйақымен марапатталды. Жүлделі 2 орынды алған төрт студент 5000 теңгемен, жүлделі 3 орын алған алты студент 3000 теңгемен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=