қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
24.05.2023

Абай университетінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өтті

 



Курстан өткендерге сертификат берілді.

 

Биыл он күн бойы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, колледждер, серіктес мектептердің тәлімгерлері, дуальдыі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын серіктес ұйымдар үшін онлайн және офлайн режимінде сертификатталған 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы дуальді білім беруге мүдделі ұйымдарды/компанияларды/білім беру мекемелерін сапалы даярлауды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстанның білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес, болашақ педагогтарды даярлау мақсатында дуальді білім беру бағдарламаларын жобалауға және іске асыруға даярлайды.


Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың кәсіби деңгейін анықтау үшін кіріс және шығыс сауалнама қарастырылған. Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында «Дуальді оқыту жағдайында оқытудағы инновациялық тәсілдер», «Дуальді оқытудың болашақ педагогтың кәсіби даярлығының табыстылығына әсері», «Дуальді білім беру: енгізу мәселелері және перспективалық артықшылықтар» тақырыптарында презентация-эссе жасау ұсынылды.

 

Курстарды аяқтағаннан кейін толық курсты тыңдап, тапсырмаларды орындаған қатысушыларға халықаралық сертификат табыс етілді. Жобаның серіктестері, NGS жаңа буын мектебінің өкілдері дуальді білім беруді дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғыс алды. Курсты педагогикалық шеберлік орталығы және KazDual жобасының командасы ұйымдастырды.

 

24.05.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz