Main
News
31.05.2023 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
2023 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Арадгерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, профессор-оқытушылар құрамы, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент қызметкерлері, университетіміздің білім алушылары 1931-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке барып, гүл шоқтарын қойды.
Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері Қазақстанның тәуелсіздік алу жолында құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына тағзым етті. Іс-шараның мақсаты - жастарды отансүйгіштікке, өз елінің тарихына құрметпен қарауға баулу.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент |