қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.06.2023

Универсиада-2023

 

2023 жылдың 4-10 маусым аралығында Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 12-ші Қазақстан Республикасының ХІІ жазғы Универсиадасы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы 2-ші жалпыкомандалық орынды иеленді: ұлдар да, қыздар да күміс медаль жеңіп алды.


Жеке есепте 2-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының 1-ші курс студенті, спорт шебері Дакен Ельдар иеленді. Дәл осындай нәтижені Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті, спорт шебері Пернебаев Ерасыл көрсетті. Қыздар арасында жекелей есепте 3-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының 3 курс студенті, спорт шебері Қуатова Аружан мен 1 курс студенті, спорт шебері Тұрсынәлі Ақерке иеленді.


Жеңімпаз командалар кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды! Абай университеті құрама командасының бас бапкері - Иралина Мира. Команда өкілі - Әшімханов Ғалымжан.

 

  alt=