қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.06.2023

Абай университеті мен ҚазСТА-тың бірлескен отырысы

 

2023 жылғы 13 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ және ҚазСТА «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» ББТ бойынша ОӘБ ҚР педагогикалық бағыттағы ЖОО өкілдерінің қатысуымен бірлескен отырыс өткізді.

 

Отырыс 2023 жылғы 18 мамырдағы ҚР ҒЖБМ РОӘБ хаттамалық тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

 

Пленарлық отырыста қарастырылған мәселелер: «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының педагогы (профессор-оқытушылар құрамы)» кәсіби стандартының жобасы, «ҚР педагогикалық әлеуетін күшейту» ДБ жобасы шеңберінде әзірленген 30 білім беру бағдарламасының қолданыстағы ББ-мен сәйкестігін анықтау.

 

Отырыс модераторлары Абай атындағы ҚазҰПУ «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлжан Жарасова және «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» ББТ ОӘБ-ЖБТ төрағасының орынбасары, ҚазСТА оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Динара Нұрмұханбетова болды.

 

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры Ляйля Сырымбетова, Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Светлана Стельмах, М. Өтемісова атындағы БҚУ білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесінің басшысы Бибігүл Жанғазиева баяндамалар жасады.

 

Күн тәртібіне сәйкес ОӘБ-ЖБ отырысына қатысушылар баяндамалар тыңдап, мәселелерді талқылап және сындарлы шешімдер қабылдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=