қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.08.2023

Абай университетінің ректоры ҚР ҰҒА вице-президенті болып тағайындалды

 

2023 жылғы 2 тамызда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов жаңа қызметке ауысуына байланысты университет ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек онлайн қосылып, еліміздегі тұңғыш университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Дархан Біләловке алғысын білдірді. Ол сондай-ақ Д.Н.Біләловтың Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті лауазымына тағайындалғанын хабарлады. Министр отандық ғылымды одан әрі дамыту үшін құнды болатын жас білікті басқарушының үлкен шетелдік тәжірибесі мен жоғары әлеуетін атап өтті.

 

Кездесу барысында Дархан Біләлов Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы Басқарма төрағасы-ректор қызметінде жұмыс істеген уақыт аралығындағы (2021-2023) еліміздің жетекші жоғары оқу орны қызметінің барлық салаларын қамтитын баяндама жасады. Университеттің дамуы мен модернизациясындағы жетістіктер жан-жақты қамтылып, оқу, ғылыми, халықаралық, қаржылық, сондай-ақ әлеуметтік және білім беру қызметіндегі жетістіктеріне тоқталды. Баяндама соңында ректор аталған жетістіктердің бәрі - университет ұжымының да, оның белсенді білім алушыларының да еңбегі екенін атап өтті.

 

Екі жылдағы студенттер санының өсуін, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының сапалық және сандық құрамының жақсаруын, ғылыми зерттеулерге деген қаржылай қолдаудың артуын, халықаралық байланыстардың нығаюын, университетті дамыту үшін қаржы ресурстарын табысты тартуды, оқу корпустары мен жатақханаларды қайта жаңғыртуды ерекше атап өткен жөн, бұл университеттің қоғамдағы беделін арттырды.

 

Ұсынылған есеп университеттің табысты даму стратегиясын растайды және оның болашақта бұдан да әсерлі нәтижелерге қол жеткізе отырып, ғылыми және білім беру нарығында одан әрі ілгерілеуіне негіз болып табылады.

 

Кездесу барысында университеттің дамуына қосқан үлесі үшін ғалымдар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл» медалімен марапатталды.

 

Ұжым ректорға университетті жаңа деңгейге көтергені үшін алғыстарын айтып, жаңа салада одан әрі табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сөз соңында Дархан Біләлов әріптестеріне тағы да ризашылығын білдіріп, екі жылдан астам уақыт басқарған оқу орнымен үнемі байланыста болатынына сендірді.

 

Фотоматериалдар

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=