қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.08.2023

«Кешенді тұрғыда буллинг және кибрбуллингтің алдын алу шаралары» тренингі


2023 жылдың 23-25 тамыз аралығында BR18574152 «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті мәселелерін зерттеу» жобасының аясында Алматы қаласында орналасқан №168 мектеп-гимназиясының базасында «Кешенді тұрғыда буллинг және кибрбуллингтің алдын алу шаралары» бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға арналған тренинг өтті.


Тренинг міндеттері:

1. Буллинг және кибербуллинг түрлермен және олардан сақтану жолдарымен таныстыру.

2. Оқушылардың буллинг жағдайына байланысты психологиялық және физиологиялық денсаулығын сақтау, нығайту мәселелері бойынша ата-аналардың білім деңгейін және педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

3. Ата-аналар мен педагогтерге балалардағы қақтығыс, невроз, компьютерлік тәуелділік мәселелері бойынша кеңес беру.

4. Буллингпен күресу мектеп, отбасы, оқушының бірлескен іс-әрекетінің тиімді жағдайында оң нәтиже беретінін түсіндіру.

5. Оқушылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынасқа баулу жолдарын, компьютерлік және ойын аддикциясының алдын алуға көзқарастары мен адами құндылық бағдарларын қалыптастырудың тиімді әдістерімен таныстыру.

6. Тренинг барысында мұғалімдер мен ата-аналарға буллингті алдын алу және күресуге арналған жаднама мен әдістемелер тарату.

 

Тренингті өткізгендер: Алимбекова Анар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры (Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы), Жукенова Гүлпара - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті (Әлеуметтік ғылымдар факультеті педагогика кафедрасы).

 

Тренингке Алматы қаласы №168 мектеп-гимназиясының және №173 мектеп-лицейінің мұғалімдері және ата-аналары қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=