қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.08.2023

ХІІ Халықаралық біліктілікті арттыру курсында поскеңестік мемлекеттердің өтпелі кезеңдегі саяси реформалар талқыланды


2023 жылдың 22-25 тамыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтына қарасты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан саяси зерттеулер Ассоциациясымен бірлескен «Поскеңестік мемлекеттердің өтпелі кезеңдегі саяси реформаларының стратегиялық бағыты» тақырыбындағы ХІІ Халықаралық саясаттанушыларға арналған 72-сағаттық жазғы мектеп біліктілікті арттыру курсы өтті. Аталмыш курста алыс және жақын шетелдік және отандық білікті саясаттанушылар дәрістерін ұсынды. Атап айтар болсақ, Азамат Сеитов (Өзбекстан), Аркадиуш Жуковский (Польша), Гела Васадзе (Грузия), Ильгар Максуд оглы Велизаде (Азербайджан), Канатбек Азиз (Кыргызстан), Ризван Наджаф оглу Гусейнов (Азербайджан), Айдар Амребаев (Казақстан), Андрей Чеботарев (Казақстан) және т.б.

 

Саясаттанушы мамандарға арналған жазғы мектеп тыңдаушылары мамандарға сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

  alt=