қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.09.2023

Абай университеті Жібек жолы университеттерінің альянсына (UАSR) қосылды

 

2023 жылдың 7 қыркүйегінде Қытай Халық Республикасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығына арналған Қытай (Шэньси) мен Қазақстан жоғары білімінің халықаралық көрмесі аясында Абай университеті Жібек жолы университеттерінің альянсына (UASR) кірді.

 

Жібек жолы университеттерінің Альянсы (UASR) - жоғары білім беру саласындағы ашықтық пен халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым.

 

Альянсқа қатысу студенттермен алмасу мәселелерінде ынтымақтасуға, мәдениетаралық коммуникацияларды дамытуға, сондай-ақ Жібек жолының тарихи маршрутында және қазіргі Еуразия өңірінде орналасқан елдердің экономикасы мен әл-ауқатының дамуы мен өсуіне жәрдемдесу үшін бірлескен жобалар мен зерттеулерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

  alt=