қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.07.2023

Абай университеті ғалымдары 15 ғылыми жобаға грант жеңіп алды

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалары бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың Ұлттық ғылыми кеңестерінің шешімдерімен университетіміздің 15 жобасы осындай басым бағыттар бойынша гранттарды жеңіп алды:

- Геология, минералдық және көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар (1 жоба);

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер (1 жоба);

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер (5 жоба);

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер (8 жоба).

 

Жоба жетекшілері Әбілқасымова Алма, Сарқытқан Кастер, Байшүкурова Гүлнұр, Сералиева Әлия, Ахметова Айгүл, Жұмағұлов Болат, Купчишина Анатолий, Бақыткәрім Рыстығүл, Жұмабаева Жазира, Жұмабекова Айгүл, Сәдірбекова Динара, Таутенбаева Айнагүл, Көшербаева Әйгерім, Ахметов Бақытжан және Абсатова Марфуганы құттықтаймыз.

 

Ғылыми жобалар жетекшілеріне, барлық зерттеу топтарына шығармашылық табыс, нәтижелі ізденістер, зерттеу нәтижелері бойынша табысты жарияланымдар тілейміз!