қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.09.2023

Абай университетінде өткен «Жер-2023» оқу-жаттығуының бірінші күні сәтті өтті


2023 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласында «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуде. Оқу-жаттығу элементтерінің бірі қаланың оқу орындарында (жоғары оқу орындарында) өрт болған жағдайда сейсмикалық дайындық және эвакуациялық дайындықты жүргізу болып табылады. Оқу-жаттығу барысында қала бойынша электр сиреналары мен дауыс зорайтқыштар қосылды.

11 қыркүйекте университетіміздің қызметкерлері мен студенттері сейсмикалық дайындыққа белсене қатысты. Дүрбелеңсіз ғимараттан шығып, оқу корпусынан алыс, үлкен ағаштар мен электр желілері жоқ қауіпсіз жерге жиналды.


Құрылымдық бөлімшелердің басшылары (оқытушылар) қауіпсіз орындарды анықтап, cстуденттердің қауіпсіз орынға орналасуын тексерді. Орындалған іс-шаралар туралы Басқарма төрағасы - ректордың м.а. К. Исаковаға хабарланды. Оқу-жаттығу жетекшісінің бұйрығымен олардың қарамағындағылар оқу кабинеттері мен жұмыс орындарына оралды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімі