қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.09.2023

Жаратылыстану және география институты белгілі поляк ғалымын шақырды


«Visiting Professor» бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «География және экология» кафедрасына дәріс оқу үшін Гданьск университетінің (Гданьск, Польша) профессоры, PhD Ян Вендт келді. Шетелдік профессор 10 оқулық пен монографияның, сонымен қатар 300-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, Хирш индексі h = 14.

 

2023 жылғы 2-30 қыркүйек аралығында профессор Ян Вендт геосаясат және туризм географиясы бойынша кафедраның бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына дәріс оқиды, жоғары дәрежелі журналдарға мақала жазу бойынша шеберлік сабақтар өткізіп, докторанттармен кеңес жүргізеді, институттың ғылыми өміріне қатысады.

 

  alt=  

 

  alt=