Main /
Announcements
13.03.2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді: - Отандық және жалпы тарих саласындағы зерттеулер; - Археология, этнология, өлкетанудың өзекті мәселелері; - Әлеуметтік ғылымдар, философия, саясаттану, экономика, құқық және мемлекеттік басқарудың жалпы сауалдары; - Халықаралық қатынастар, аймақтану, шекаралас ыңтымақтастық саласындағы зерттеулер; - Психология, педагогика, оқыту әдістеменің өзекті мәселелері; - Гуманитарлық зерттеулер саласындағы қазіргі тенденциялар. Студенттер, жас ғалымдар (магистранттар, докторанттар, аспиранттар, ізденушілер) шақырылады. 10-11 сынып оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуына мүмкіндік бар.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс. Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 23 наурызға дейін келесі мекен-жайына өтінімді жіберу қажет: 070020, Қазақстан Республикасы, ШҚО, Өскемен қалысы, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы к. 34, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы (№1 оқу корпусы, 216 дәрісхана.), т.8777 2675629 (Егоренкова Елена Николаевна), e-mail: egorenkova_e@rambler.ru, kaf_mo@vkgu.kz Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ISBN және ББК кітаптың халықаралық стандартты нөмірі берілген PDF-форматында қатысушылардың баяндамаларының электронды жинағын шығару жоспарлануда. Материалдар Өскемен қаласындағы мекен-жай бойынша немесе аталған электрондық поштаға жіберіледі. Материалдарды жинаққа қабылдау дедлайні (соңғы мерзімі) 2014 жылдың 20 сәуірі. Материалдарға қойылатын талаптар: Материалдар компьютерлік баспада шыққан, суреттер, схемалар, кестелер қосылған, 5 толық параққа дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2 нұсқада жіберіледі: - А4 (210-297 мм) форматтағы парақтарда (мәтінің соңында ғылыми жетекшінің қолы және мөрі қойылады). Басқа қалалардан жіберушілер сканерленген нұсқаны жібереді; - электрондық нұсқада. Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) шрифтімен: негізгі мәтін - 14 шрифтпен, 1,0 аралық интервал, азат жол - 1,25 см теріледі. Cуреттер мен формулалардың астындағы жазбалар: ортасында, 12 кегль. Барлық мәтін айтылған форматта ішінде орнастырылу қажет (сол жақ жиегі - 3 мм, оң жағы - 2 мм, үстіңгі мен төменгі жақтары - 25 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, оның астында келесі жолда үлкен әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің, қаланың және мемлекеттің атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып - баяндама мәтіні көрсетіледі. Материалдар барлық талаптар бойынша мұқият сақталып, өңделуі тиіс. Материалдардың мазмұны мен шынайылығына мақала авторлары толық жауапкершілікте болады.
Құрметпен, конференцияның ұйымдастыру комитеті.
Мақаланы рәсімдеу үлгісі (2014 жылдың 20 сәуіріне дейін)
Конференцияға қатысуға ӨТІНІМ (2014 жылдың 23 наурызына дейін)
|