Main
News
28.09.2023 Абай университеті Жоғары экономика мектебімен ынтымақтастықты нығайтады
2023 жылғы Халықаралық серіктестік апталығы аясында Мәскеу қаласындағы Жоғарғы экономика мектебінде 26 қыркүйекте Абай университеті мен Жоғарғы экономика мектебі арасында ынтымақтастық және студент алмасу туралы Келісімге қол қойылды.
Ынтымақтастық туралы келісім аясында тараптар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын және ғылыми тағылымдамаларды іске асыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, «500 ғалым» стипендиялық бағдарламасы аясында Тарих және құқық институтының «Дүниежүзі тарихы» кафедрасының меңгерушісі Қамшат Рүстем Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
|