«Денсаулық және мәдениет» тақырыбындағы ашық танымдық-тәрбиелік сабағы
2023 жылдың 28 қыркүйегінде Тарих және құқық институтында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, университет профессоры Л.Х.Матакбаева «Медицина әлеуметтануы» пәні аясында «Әлеуметтану» мамандығының 4 курс студенттерімен «Денсаулық және мәдениет» тақырыбында ашық танымдық-тәрбиелік сабақ өткізді.
Бұл шараның қонағы гинеколог, онкомаммолог, коуч-жаттықтырушы Аятхан Дидар болды. Аятхан студенттерге адам ағзасының ерекшеліктерін, адамның табысты өмір сүруінің негізі ретінде физикалық және психикалық денсаулықтың құндылығын ашып көрсетті.
«Медицина әлеуметтануы» жаңа курсының мақсаты - студенттердің әлеуметтануды зерттеу пәні ретінде денсаулық туралы, қоғам өміріндегі медицина және денсаулық сақтау жүйесінің мәні, сипаттамалары мен функциялары туралы әлеуметтік феномен ретінде жүйеленген білім алу болып табылады.