қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.10.2023

Туризм апталығы


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты «География және экология» кафедрасының оқытушылары мен «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттерімен «Халықаралық туризм күніне» орай Туризм апталығы өткізілді. Апталық негізінде 2023 жылғы 27 қыркүйекте қауымдастырылған профессор Омаров Қ.М. студенттермен «Кім-Асар шатқалына» тау жорығына барып, студенттерді тау жорығының қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, практикалық нұсқаулық жүргізді.

 

2023 жылғы 1 қазанда «6B11101 - Туризм», «6В11103 - Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері және минор пән ретінде «Туристік-экскурсиялық менеджмент» бағдарламасын тандаған «6В01703 - Екі шет тілі», «6В02109 - Хореография», «6В01701 - Қазақ тілі және әдебиеті», «6В02302 - Аударма ісі», «6В01201 - МДжТ», «6В01902 - Логопедия», «6В01904 - Тифлопедагогика», «6В01303 - ББжАКТ» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері Халықаралық туризм күнін «Ой-Қарағай» демалыс орталығында атап өтті. Іс-шараға аталған мамандықтадан 80 студент қатысып, оларға Ой-Қарағай шатқалына экскурсиялық жорық жасалынып, демалыс базасында туризм жайлы негізгі ақпараттар беріліп, палатка құру және тау жорықтарын жүргізу бойынша шеберлік сабақтар мен «Ой-Қарағай» демалыс орталығының арнайы маманы Асель Абильдаеваның жүргізуімен экскурсия өткізілді. Бұл іс-шараны кафедра оқытушылары: Сейлхан А.С., Саванчиева А.С., Бекен А.Н., Исаков Е.Д., Калдыбаева Ж.Б. ұйымдастырды.

 

  alt=  

 

  alt=