қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
27.09.2023

Абай университетінің ғалымдары генетика бойынша электронды оқу құралын әзірледі

 



Оқу құралының көмегімен студенттер қазіргі генетиканың әртүрлі тақырыптары бойынша білім алады.

 

«Биология» білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етуді жетілдіру және цифрлық ортада студенттердің білімін арттыру мақсатында Жаратылыстану және география институтының жас ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы биология ғылымдарының докторы Докторхан Айдарбаеваның жетекшілігімен «Генетика» электронды оқу құралын әзірледі.

 

Генетика - биология ғылымдарының жылдам дамып жатқан салаларының бірі, сондықтан ақпарат та ұдайы өзгеріске түсіп, жаңаруда. Электрондық оқу құралының мақсаты - биолог студенттерге организмдердің тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын, тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздері туралы терең білім беру.

 

Электрондық оқу құралы мазмұнына кіріспе, дәріс тезистері, зертханалық жаттығулар, студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары, тест тапсырмалары, генетикадан әртүрлі тақырыптағы оқу фильмдері енгізілген.

 

Оқу құралының көмегімен студенттер қазіргі генетиканың әртүрлі тақырыптары бойынша білім алады.

 

27.09.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz