қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.10.2023

Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік-педагогикалық шеберханасы ашылды


2023 жылғы 2 қазанда Абай университетіның Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық әлеуметтік педагогтер күніне арналған «Әлеуметтік педагогтің қазіргі қоғамдағы рөлі: балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық мәселелер» тақырыбында халықаралық кәсіби педагогикалық форум өтті.

Форум жұмысының аясында Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік-педагогикалық шеберханасы ашылды.

 

Абай университетінің Педагогика және психология институты Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы мен Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясы 10 жылдан астам уақыт әріптестік байланыста. Педагогикалық әріптестік негізінде «Әлеуметтік педагогика» мамандығының 200-ден астам студенттері мектептен педагогикалық және өндірістік практикадан табысты өтіп, практикалық біліктіліктерін қалыптастырды.

 

Кафедра профессор-оқытушылары тарапынан мектеп мұғалімдері мен әлеуметтік педагогіне ғылыми-әдістемелік көмектер үнемі беріліп отырады, бірлестікте түрлі әлеуметтік-педагогикалық мәселелер бойынша іс-шаралар уақытылы жүргізіледі.

 

Осындай табысты жұмыстардың негізінде мектеп басшылығы мен кафедра профессор-оқытушыларының бірлескен ұйғарымы негізінде Қ.Қатықбаева атындағы№168 мектеп-гимназиясында әлеуметтік-педагогикалық шеберхана ашу туралы бірауызды шешім қабылданған болатын.

 

Әлеуметтік-педагогикалық шеберхананың Ережесі, әдістемелік нұсқаулығы жасалынып, форум барысында таныстырылды.

 

Әлеуметтік-педагогикалық шеберханасының мақсаты әлеуметтік педагогикалық мамандықта оқитын студенттерді кәсіби даярлау тәжірибесін де, жаңа заманауи әлеуметтендіру технологияларын қолдануды үйрету, сонымен қатар оқушылармен білім беру және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету.

 

Әлеуметтік-педагогикалық шеберхананың тұсаукесері №168 мектеп-гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Жұрынова, әлеуметтік педагог Еркебұлан Рахатұлының ұйымдастыруымен сәтті өтті. Іс-шараға шетелдік ғалымдар мен университет профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысып, өз құттықтаулары мен жылы лебіздерін арнады.

 

Сонымен қатар мектеп-гимназияда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Исламия Халитованың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге арналған бірнеше оқу құралдарының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

  alt=  

 

  alt=