қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.10.2023

Халықаралық форум қазіргі қоғамдағы әлеуметтік педагогтың рөлін талқылады

 

2023 жылғы 2 қазанда Абай университетінде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен халықаралық әлеуметтік педагогтер күніне арналған «Әлеуметтік педагогтің қазіргі қоғамдағы рөлі: балабақша- мектеп-колледж-жоғары оқу орны және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық мәселелер» тақырыбында халықаралық кәсіби педагогикалық форум өтті.

 

Халықаралық кәсіби педагогикалық форумның мақсаты - әлеуметтік педагогтің қазіргі қоғамдағы рөлін анықтап, маңыздылығын насихаттай отырып, болашақ ұрпақты әлеуметтену үдерісінің әр саласында тоғысқан әлеуметтік-педагогикалық мәселелер түйінін талқылау деп белгіленген болатын. Форум жұмысы өз мақсатына жетті.

 

Халықаралық кәсіби форумға Абай атындағы ҚазҰПУ стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Шыңғысбек Сұлтанбеков, ҚР Оқу-ағарту министрілігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова, ғылыми ұйым қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, әлеуметтік педагогтер, сондай ақ, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей ғалымдары табысты идеяларды ұсынып, ғылыми талқылаулар жасады.

 

Халықаралық форум жұмысы төмендегі 5 бағыт бойынша 100-ден астам мақалаларды қабылдады.

 

Педагогикалық форум жұмысының бағыттары:

1. Әлеуметтік педагогтің рөлі және әлеуметтік-педагогикалық қызметтің теориялық және практикалық негіздері

2. Балалардың және жасөспірімдердің құқықтарын әлеуметтік-педагогикалық қорғау

3. Заманауи әлеуметтік-педагогикалық білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары

4. Балалар мен жасөспірімдердің адаптация, дезадаптация, реадаптация мәселелері:

5. Әлеуметтік-педагогикалық алдын-алу мәселелері (девиантты мінез-құлық, агрессия, буллинг, кибербуллинг, суицид).

 

Іс-шара «Әлеуметтік-педагогикалық мәселелер: теория мен практика» атты ғылыми әдебиеттер көрмесінің ашылуымен басталып, «Әлеуметтік педагог - «жайлы білім беру» ортасының инноваторы» тақырыбында болашақ әлеуметтік педагогтердің постерлік баяндамалары, (workshop) «Лидер», «Мейірім» клубтарының көрмесімен жалғасты.

 

Форум барысында Қ.Қатықбаева атындағы№168 мектеп-гимназиясында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әлеуметтік-педагогикалық шеберханасының» және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Исламия Халитованың әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге арналған бірнеше оқу құралдарының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Халықаралық форум әлеуметтік педагог кадрларды даярдау және әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді талқылау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың, ғылыми қызметкерлердің, балабақша-мектеп-колледж-университет ұжымының басын қосты. Форум аясында Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры Райхан Сулейманова студенттерге «Қазіргі жағдайда жаңа буын мұғалімінің әлеуметтік-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері» тақырыбында қонақтық дәріс жүргізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=